#qyzylordatv
Жалағаш ауданындағы Қаракеткен және Далдабай елді мекендеріне газ желілері тартылып жатыр. Ал, Бұқарбай батыр ауылын көгілдір отынмен қамту мақсатында демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Мұнан бөлек, ауданда әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін 100 үйдің құрылысы жүруде. Бұл туралы Ардақ Ибраимов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде баяндады.
Жалағаштың даму қарқыны жақсы. Өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер өз алдына, биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтуға баса мән беріліп отыр. 100 тұрғын үйді сатып алу үшін бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні «Ақтерек» учаскесінде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, ауданда апатты деп танылған екі қабатты бір тұрғын үй болатын. Осы үйдегі тұрғындарды жаңа баспанамен қамту үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, «Дәуімбай» елді мекенінен жаңа үйлер тұрғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, елді мекендердегі ауыз су жүйелері мен тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр, дейді аудан әкімі.
АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, 2026 жылы Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жобасы аясында бюджеттен 353 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба бойынша келісім шарттың жалпы құны 381 млн теңгені құрайды. Аудан бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 458 шақырым, электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 32,5 пайыз. Жалағаш кенті, Еңбек және Шәменов ауылдарының электр желілерін жөндеу мақсатында демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыру үшін бюджеткен ұсынылды. Қазіргі таңда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлдіру жұмыстары жүргізілуде.
Ал, «Елді мекендерге газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы аясында Қаркеткен мен Далдабай ауылдарына газ желілері жүргізілуде.Көп ұзамай, Бұқарбай батыр елді мекені де табиғи газдың игілігін көреді.
АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аталған жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Бұқарбай батыр, Қаракеткен және Далдабай елді мекендеріне газдандыру жүргізілген жағдайда аудан халқының 63 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 0016 Енді бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Аймақ басшысыда аудандағы ауылдарды аралап жүр. Аралау барысында да осы мәселелер көтерілген болатын. Одан бөлек, Аққұм елді мекені бар. Шаруашылықтарға үндеу жасадық. Қазіргі уақытта ол кісілер үндеуімізді қабылдап, қазіргі кезде жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу үстіндеміз. Онымен қоса бізде Таң ауылдық округі бар. Сол жерден шыққан «Таң» ЛТД ЖШС құрылтайшысы Имамзада Қуанышбайұлы да белсенділік танытып, Таң ауылын газдандыру бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірлеуге көмектесетінін айтты.
Сондай-ақ, Жалағашта 70 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жоспарланып, оның бесеуі жүзеге асырылды. Ірі жобаның бірі – швейцариялық «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері мен мақсарыны өсіру және қайта өңдеу.
АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жоба жүзеге асырылған уақытта жылына 42 мың тонна техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері, 20 мың т мақсары өндірілетін болады. Жоба аясында 60 мың т шикізат өңдейтін және май сығу зауыты іске қосылады. Биылғы жылға 5 мың га жүгері, 2 мың га мақсары егіліп, 142 дана жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс жасауда. 100 адам жұмыспен қамтылды. «Харвест Агро Холдинг» компаниясының биыл салған инвестиция көлемі 26,3 млрд теңгені құрады.
Суды үнемді пайдалану мақсатында аудандағы 5 канал бетондалмақ. Оның үшеуінде жоба-сметалық құжаттары әзірленген.
АРДАҚ ИБРАИМОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Кеше ғана су министрі келген болатын. Су кісінің де алдында баяндаған болатынбыз. Қазіргі кезде 5 жобаны жүзеге асырып келеміз. Үшеуінде жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, экспертизадан шығардық. Соңғы бесінші канал бар оның ұзындығы 13 км болғандықтан құжаттарын әзірлеу сәл ұзақтау болады. Дегенмен, жыл аяғына дейін барлық каналдың құжатын әзірлеп, тиісті министрлікке жібереміз деп уәде бердік.
Бұдан бөлек, аудандағы үш елді мекеннің 8 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.