#qyzylordatv 

Аймақта денсаулық сақтау нысандарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Облыстық көпбейінді ауруханада жалпы терапия бөлімшесінің орнына 3 мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл өзгеріс жаңа мамандардың келуіне, төсек-орын санының артуына, науқастардың кезек күту уақытының қысқаруына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, облыстық перинаталдық орталықта заманауи технологиялар енгізіліп, болашақ аналарға сапалы көмек көрсетілуде.