#qyzylordatv
Биыл облыс орталығында тұрғын үй құрылысын жүргізуге 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа құрылыс компанияларынан жалпы аумағы 153 мың шаршы метр болатын 2251 пәтер сатып алынбақ. Олардың бірқатары әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталады. Бұл жөнінде қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ердәулет Мүбәрәк хабарлады.
Өткен жылы өңірде әлеуметтік осал топтағы жанұяларға 1490 пәтер беріліп, жалпы, 11 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл да аз қамтылған жанұялар ескерусіз емес. Жыл соңына дейін әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 10-нан астам тұрғын үй салынбақ. Бұл үйлер Сырдың сол жағалауы мен президент саябағы маңынан бой көтереді.
ЕРДӘУЛЕТ МҮБӘРӘК – ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сол жағалаудан кезекте тұрған осал топтағы азаматтарға әзірге 1317 пәтер сатып алу жоспарлануда. Тұңғыш президент саябағынан 9 көпқабатты 63 пәтер, барлығы 945 пәтер сатып алынып, ол «Отбасы» банкі тарапынан ипотека есебінен сатып алу шартымен табысталатын болады. Осы тұңғыш президент саябағына қарама қарсы бой көтеріп жатқан «Еңбек» саяжайынан 22 үй 9 қабатты салу жоспарлануда...