#qyzylordatv
Қызылорда қаласының бас жоспары жаңадан әзірленіп, қоғамдық тыңдауда талқыланды. Енді алдағы тамыз айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылып, жоба жыл соңына дейін бекітіледі.
Бас жоспарға сәйкес қала маңында орналасқан «Эдельвейс», «Орбита», «Сабалак», «Ягодка», «Еңбек» сияқты саяжайлар елді мекен санатына ауыстырылуы мүмкін. Сонда қаланың шекара шегі 20 700 гектарға ұлғаяды. Мұнан бөлек, Тасбөгет кенті, Қызылжарма ауылдық округі және Досан ауылының да бас жоспары әзірленуде. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы баспасөз брифингінде мұнан бөлек құрылыс нысандарына жүргізілген мониторинг жұмыстары туралы да баяндады.
ДІНМҰХАМБЕТ СЫРЛЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
2026 жылдың 6 айында мониторинг жұмыстары барысында, «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» КММ-не - 99 нысан бойынша құжат жолданып, басқармамен – 24 431 576 теңге айыппұл салынды ...