#qyzylordatv #заңментәртіп 

Еліміз бойынша «ҚАРУ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алғашқы 8 күннің ішінде облыс көлемінде 5704 қару иесі тексеріліп, 51 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. 


Нақтырақ айтсақ, тексеру кезінде заңсыз айналымнан, яғни ішкі істер органдарында тіркелмеген 6 дана тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Мұнан бөлек, қаруды сақтау қағидаларын бұзған 32 азамат, қаруды тасымалдау және тіркеу талаптарын бұзған 13 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап өту керек, «ҚАРУ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты - қылмыстың алдын алу, заңсыз қару айналымына тосқауыл қою және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.