#qyzylordatv 

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда бюллетендегі саяси партиялардың реттілігін жариялады. Ол үшін арнайы жеребе тарту рәсімі жүргізілген. Мұны орталық сайлау комиссиясының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді. 


 Сонымен, жеребе бойынша бірінші «Әділет» партиясы, Екінші – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, үшінші – «Байтақ» жасылдар партиясы, төртінші – Қазақстан халық партиясы, бесінші – «Ауыл» партиясы, алтыншы – «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы және жетінші «Respublica» партиясы анықталды.