#qyzylordatv

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Мүсілім Әмзенің «Қазақстанның дирижёрлік өнері» атты монографиялық кітабының таныстырылымы өтті.

21 баспа табақтан тұратын жаңа монография Мүслім Әмзенің екінші кітабы. Автордың айтуынша, Қазақстанның дирижёрлік өнері тұңғыш рет көркем құбылыс ретінде зерттеліп, жазылып шықты.

 МҮСЛІМ ӘМЗЕ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ , ДИРИЖЁР

  //2022 жылы менің алғашқы оқу құралым жарық көрген Мәлік Жаппасбаевтың «Музыка мұрасы» атты оқу құралы. Алматыда Орхон баспасы басып шығарған. Енді бұл менің екінші кітабым. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстанның дирижёрлік өнері қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері» атты дессертациялық еңбегім негізінде осы кітапты биыл монография түрінде басып шығардық. Тағы да сол Орхон баспасыннан жарыққа шықты

 КЕУЛІМЖАЙ БОТАБАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

 // Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, құрмет ордерінің иегері дирижер өзімнің шәкіртімдеп айуға мақтанамын. Біздің музыкалық колледждің түлегі, мықты мықты мұғалімдерде оқыған Алматыда. Өзі кәсіби оркестрант болған кезінде. Содан үлкен сабақ алып, дирижёрлік өнерге бас сұғып, қазіргі кезде Қазақстанның мақтанышы болып жүрген оқушыларымыздың бірі.