#qyzylordatv

Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 3 адам қаза тапты. Ал күн ысыған сайын рұқсат етілмеген су жағалауларында демалушылардың қатары көбейетіні белгілі.

 Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жалпы облыс аумағында суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті учаске бар. Олардың айналасына ескерту тақтайшалары орнатылып, арнайы билбордтар қойылған. Ал түсіндірме жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған.

ҒАФУР АҚМЫРЗАЕВ –ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШ «Сондай-ақ түнгі рейдтер бізде тұрақты түрде жүргізілуде. Балалардың, ересектердің ішімдік ішіп су айдындарына бару фактілерінің алдын алу мақсатында жүруде. Қысқаша тоқталып өтсек, жыл басынан 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері орын алып отыр. яғни, кешқұрым ата-ана қарауынсыз су айдындарына барған балалардың ата-аналарына айыппұл салынуда. 2024 жылы 72 хаттама толтырылған».