#qyzylordatv

Облыс аумағында алдағы үш күнде аптап ыстық болады. Ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы ықтимал.

 Мамырдың 16-сы күні сынап бағанасы кей жерде 45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал, келер аптадан бастап күн күркіреп, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, өтпелі жауын-шашын болып, шаңды дауыл тіркеледі, дейді мамандар.

 МАҒЖАН СӘДУАҚАСОВ – ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК //Осы апта аяғына дейін жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 15-20 гр жылыдан, 22-27 гр-қа жоғарылайды. Күндіз 34-39 дан 40-45 гр өте қатты ыстық болады. Осы ретте облыс тұрғындарына смс арқылы ыстық болады деген ақпарат таратылуда. Ал, келер аптадан бастап облыстың орталығы мен батысында найзағай ойнап, жауын-шашынды болады. Сондай-ақ, жел тұрып, шаңды болады деп күтілуде.//