#qyzylordatv
Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек саласын цифрландыру мәселелері талқыланды. Елімізде өндірістік жарақатқа мүлдем төзбеушілік қағидаты енгізілмек. Бұл ретте кәсіпорындардың бірыңғай цифрлық профилі пайда болмақ. Аймақтағы ахуалға қатысты не айтылды? Жиынға қатысқан тілшіміз жеткізсін.
Облыс басшысы әлеуметтік ахуалға айрықша маңыз беретіні айтпаса да түсінікті.
Жыл басынан бері еңбек мәселесіне қатысты құзырлы департаментке 822 арыз-шағым түскен. 115 тексеру жүргізілген. 132 бұзушылық анықталыпты. Сала жетекшісі жазатайым оқиғалар барысы бойынша да ақпарат айтты.
Ал, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасамаған, адам өміріне, еңбек қауіпсіздігіне салғырт қараған 8825 жұмыс беруші тәуекелдер картасына еніп отыр. Осы ретте айта кету керек, департамент тарапынан бірлескен жұмысшы тобының құрылмағаны белгілі болды.
Облыс әкімі жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жедел жасап, бұл жұмысты қатаң қадағалауға алуды тапсырды. Бүгінде аймақта еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2856 кәсіпорынмен жұмыс жүргізіліп, 222 жұмыс беруші 7 мыңнан астам жұмыскермен жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасасқан. 4 379 кәсіпорындағы 139 481 жұмыскердің еңбек шарты «Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енген. Жалпы құны 1 трлн 100 млрд теңге болатын 43 жоба «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасына тіркелген. Қысқасы, еңбек шартының жасалуына тұрақты мониторинг жүргізілуде, еңбек қауіпсіздігіне ел Үкіметінің тапсырмасымен екпін берілмек.