#qyzylordatv
Сыр бойындағы күйшілік мектептің белді өкілі - Балтабай Нұржанов 80 жасқа толды. Осыған орай «Сырлы саз салтанаты» атты шығармашылық кеш өтті.
Өмір – өлшеулі, өнер – өміршең. Балтабай Нұржанов өміршең өнерді дәріптеп жүрген дала дарыны. Жастайынан домбыраны серік етіп, күй құдіретін бойға сіңірген. Еңбек жолын сонау 1970 жылы қаладағы музыка мектебінде домбыра класынан дәріс беруден бастайды. Содан бері аймақ руханиятының дамуына айрықша үлес қосып келеді.
БАЛТАБАЙ НҰРЖАНОВ – МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, КҮЙШІ / Концерттің негізгі мақсаты сыр еліне еңбегін халыққа көрсету, халықтың батасын алу. Өзімнің еңбегімді халыққа көрсету. Бір жағынан осы халықтың батасын алу. / 60-қа тарта күй жаздым, 40-қа тарта ән жаздым. Көпдеген поэма жаздым. / сырдың сұлу еркесі деген Сәбираға жаздым,
Балтабай Нұржанов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыкалық аспаптар кафедрасында ұстаздық етті. Ұзақ жыл «Сыр сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне жетекшілік жасады. Талай жастың томағасын сыпырып, қанатын қатайтты. Ұстаздықпен қатар Әлшекейдің мұраларын зерттеп, нотаға түсіріп, арнайы кітап шығарды. Бүгінде бұл шығармалар Сыр мәдениетінің құнды қазынасына айналып отыр.
Рухани кеште Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен Балтабай Сәрсенұлының шығармалары орындалды.