#qyzylordatv
Тақырыпқа тұздық. Көне шаһардан табылған құнды жәдігерлерді таспалауға бауырлас Анадолы еліндегі әріптестеріміз де арнайы келді. Тарихи қалашыққа сапардан соң Түркияның «TRT радиотеледидаркорпорациясының Қазақстандағы өкілі Мехмед Захид Чалискан мырза «Qyzylorda» телеарнасына ат басын бұрын, аймақ айнасының тыныс-тіршілігімен танысты.
TRT – 60 жылдық тарихы бар Түркиядағы ең үлкен медиа холдингтің бірі. Қазір аталмыш құрылымға қарасты 10-нан астам халықаралық, республикалық телеарналар мен радиолар бар. Корпорация тілшілері әлемнің әр қиырынан ақпар таратады. Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Соның ішінде біздің телеарнамен әріптестік байланыс бекіген. Алдағы уақытта екіжақты келісім аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
МЕХМЕД ЗАХИД ЧАЛИСКАН – «ТRT» ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ /Бүгін «Қызылорда» телеарнасының жұмыс барысымен танысып, жақсы әсер алдым. Біз бірлесе атқарар жобалар көп. Әсіресе, сіздердің тарихи бағыттағы бастамаларыңыз қызықтырып отыр. Әріптестік уағдаластық аясында шығармашылық өнім алмасу болады. Бұл жұмыс басталып та кетті. Мәселен, көне қалаларға сапар шеккен экпедициялық бағыттағы деректі фильмді біздің арнадан көрсетуді жоспарлап отырмыз/