#qyzylordatv

Достық үйінде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің түлектеріне арналған диплом табыстау рәсімі өтті. Әрі «Емдеу және «стоматология» мамандығы бойынша білім алған жастардың ішінен ең үздіктеріне денсаулық сақтау мемкемелеріне жұмысқа жолдама берілді.

 АРУЖАН ӘЛІМЖАН – ТІЛШІ: Ақхалатты абзал жандар қатарына тағы бір толқын қосылды. Қызылорда медициналық жоғары колледжін биыл 644 студент тәмамдады. Еңбек нарығына қосылғалы тұрған жас буын үшін бүгін шын мәнісінде қуанышты күн.

 ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Осы сәттен бастап құрметті әріптестер деуге болат. Осындай керемет ресми шарада маңызды 3-4 жыл оқыған білімдеріңіздің нәтижетіс көріп диплом алу сәтімен құттықтаймын құрметті әріптестерБиыл мед колледждің жеткен жетістіктері көп сегіз түлектеріміз қызыл дипломға бітіріп жатыр. Құрметті түлектер әрі қарай жоғарғы оқу орнына түсетін болсаңыздар сәттілік, жұмыс істеймін десеңіздер жолдарыңыз ашық болсын.

 СЫРҒҰЛ МОЛДРАЙМОВА – ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Біздің түлектеріміз биылғы қорытынды ұлттық мемлекеттік емтиханнан жүз пайыз жоғары алды десек болады. Бізде емтихан екі бағытта жүреді теоретический мен практический. Осыдан білім сапасын 100 балды беріп отыр. Енді бізде бітіріп жатқан студенттерімізді емдеу мекемелері үздік деп танығандарды өндірістік практикадағы студенттерге жұмыспен қамтуға шақырып жатыр. Бізде енді 2025 – 2026 оқу жылына оқуға қабылдау комиссиясы жүріп жатыр. Өңірімізде 9-ші сынып пен 11-ші сыныпты аяқтаған оқушыларды жергілікті бюджет пен Республикалық бюджеттен гранттар бөлінуде.

Айта кететін жәйт, ең үздік деп танылған алты түлек қаладағы емханалар мен ауруханаларға жұмысқа шақыру алды.

 СЫМБАТ БАЙЗАҚ – КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ

// Біз Қызылорда медициналық жоғарғы колледжінің 2021 жылы оқуға бүгінгі түлегіміз. Араға төрт жыл салып бүгінде жас маман ретінде танылып отырмыз. Алдыға қойған мақсатымыз алғашқы көмек жедел жәрдем мақсатында елімізге ант ету яғни гиппократқа ант. беріп сол арқылы қызметімізге дайынбыз.

 АРУЖАН ӘЛІМЖАН – ТІЛШІ: Медицина – сенім мен жанашырлықтық жолы. Бұл түлектер сол жолға қадам басты. Бүгінгі диплом – жәй құжат емес, үлкен жауапкершілік бастауы.