#qyzylordatv

Алдағы айда 11 мың орындық жаңа стадион пайдалауға беріледі. Бұдан бөлек, қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығы өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, жол-құрылыс дамыту бағытында бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көріп шықты. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 Сырдың сол жағалауында еңсе тіктеген стадион құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы аумағы – 24 мың шаршы метрден асады. Ғимараттың ішкі бөлігінде спорт залдары, түрлі үйірмелер орналасады. Ал, жасыл алаңға заман талабына сай жасанды төсеніш төселеді. Сондай-ақ, жанкүйерлерге арналған санитарлық, тамақтану және демалыс аймақтары жұмыс істейді.

 ДӘУРЕН ТАШПЕНОВ – УЧАСКЕ БАСШЫСЫ /// бұл жердің ерекшелігі тек қана футболға ғана ойналмайды. Шығыс секторда 5 олимпиадалық спорт түрінен залдар бар. Бокс, гимнастика, күрес залдары. 11 мың орындық. УЕФА стандарттарына сәйкес келеді. Халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншілік бар.