#qyzylordatv

Қызылордада көпсалалы облыстық аурухананың хирургтары екі науқасқа бір мезетте аса күрделі әрі жауапты операцияны жасап шықты. Екі жағдайда да донор - өз жақынының өмірін сақтап қалу үшін батыл қадамға барған. Толығырақ келесі бейнематериалда.

 Операция бөлмесінде қысқа-нұсқа тапсырма мен медициналық құралдардың дыбысы ғана тыныштықты бұзады. Күрделі ота бақандай он сағатқа созылып, бір мезетте екі донорлық бүйрек трансплантациясы жасалды.

 ЕРБОЛ СЕРІКҰЛЫ - КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // 2 жұпқа бүйрек трансплантациясы отасы жасалды. 45 жастағы әйел кісіге туған ағасы 49 жасар донор болды және екінші жұп егіздер сыңары, өзінің сыңарына 1 бүйрегін сыйлады. 2 ота жалпы 10 сағатқа созылды.Негізі командалық жұмыс оған бір 30-35 адамдай осы отаға атсалысты.

 Отаға медбикелерден бастап білікті дәрігерлер бригадасы - бас-аяғы 35 маман қатысты. Отаның сәтті аяқталуы - көпжылдық дайындық пен үлкен жинақылықтың нәтижесі. Ал операцияға Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары қолғабыс етті.

ЕРБОЛ СЕРІКҰЛЫ - КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //. Реципиенттер емін алып жатыр. Негізі Қазақстанда созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен 5 мыңнан аса адам есепте тұрады. Оның ішінде біздің өңірімізде 600 адамнан аса адам есепте тұрады және оның 470 науқасы гемодиализға тәуелді болып саналады. 235 науқас бүйрек трансплантациясына кезекте тұрады.

 Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда. Донорлар палатаға ауыстырылды.