#qyzylordatv
«Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі: Ас мәзірі – тұтынушы құқығының айнасы». Дәл осындай атаумен тіл жанашырлары және шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің басын қосқан жиын өтті. Мұндағы мақсат – қоғамдық тамақтандыру орындарындағы ас мәзірлерінің мемлекеттік тілдегі лингвистикалық базасын қалыптастыру.
Осыдан екі жыл бұрын «қаладағы тамақтану орындары, мейрамхана мен асханалардағы ас мәзірінің 80 пайызға жуығы тек орыс тілінде болатын» дейді мамандар. Тиісінше ас мәзірін қазақшалауды сұрайтын тұтынушылар саны да жыл санап артып келеді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде сең қозғалып, ас мәзірінің атауын қазақ тілінде жазатын нысандар едәуір көбейген. Ал ас мәзірін нақты атау үшін ғалымдар биыл «Тағам атаулары сөздігін» әзірлеп шыққан. Оған мыңнан астам ас атауына қатысты сөздің қазақша баламасы енгізілсе, 900-ге тарта жаңа тағам атауы қосылыпты. Тағы да мыңнан астам тағамның бекітілген термині қазақ тілінің айтылу заңдылығына қарай бұрмаланған. Жиында ас мәзірін мемлекеттік тілде бекіту үшін заңдық құжатты қабылдау жөнінде ұсыныс айтылды.
Жыл басынан бері қала аумағында орналасқан 109 кәсіпкерлік нысанының ас мәзірін қазақ тілінде жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 89,9 пайызға жуық ас мәзірі қазақ тіліне көшіріліпті.