#qyzylordatv
Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған «Qyzylorda Jastar Fest» іс-щарасы қорытындыланды. Фестивальде түрлі бағыттағы сайыстардың жеңімпаздары алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Халықаралық жастар күніне арналған шарада марапат төрінен би топтары да, спорт шеберлері де, тазалық акциясына қатысқан еріктілер де көрінді.
Фестивальдың мақсаты – жастарды белсенді өмірге, мәдени құндылықтарды насихаттауға және қоғамға пайдалы істерге тарту.
МЕДЕТ ЖОРАБЕК – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Мерекелік бағдарламалар негізінен шығармашылық бағыттарға арналды. Бұл дәстүр алдағы жылдары да жалғасын табады. Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймын. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған екі әлеуметтік жоба іске қосылды.
АРАЙЛЫМ АРҒЫНБАЕВА – БИ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ
// «Qyzylorda Fest» би байқауында үшінші орын алдық. Осындай мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.
Мерекелік алаңда спортшылар да күш сынасты. Көрермендердің қолдауы ерекше болды.
ҒАЗИЗ БЕКТҰРСЫН – ҚАТЫСУШЫ // Аралдан келіп жарысқа қатыстым. 31 рет турникке тартылдым. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Спортпен айналысыңыздар.
Жастар күні - жаңа бастамаларға шабыт беріп, ортақ қуаныш сыйлайтын мереке. Сыр еліндегі кеш соның дәлелі.