#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Қаладағы Абылай хан атындағы жоғары колледжі бүгінде жұмысшы мамандар ұстаханасына айналған. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай арнаулы оқу орны материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, жаңадан оқу кабинеттерін ашты.

 Жастарға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында өз шеберханасы бар. Мұнда көрпе-төсек, колледж формасы, тіпті әскери қызметшілерге киімдер тігіледі. 2 курс студенті Аружан Айман осы шеберханада шеберлігін шыңдауда.

АРУЖАН АЙМАН – СТУДЕНТ // біз осы түсе салып жарыстарға қатысып колледжішілік мысалға World Skils-ге қатысып 1 орын алып келіп жатырмыз. Біздің сабақ барысы тігін шеберханасында өтеміз, соңғы үлгіде. 2 айда үйрендім. Біріншісінде бізде тігін машинаға отырмас бұрын эскиздыісызып үйретеді, муляж жасаймыз.Осы киімдердің арасында өзім тіккен киімдер де болды.

Сабақ барысында студенттер ине ұстаудан бастап, киім пішу, етек пен балақты тігудің әрбір деталін меңгереді. Тігін цехы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

ИНДИРА ЖАПАН – ОҚЫТУШЫ // Цехымызда арнайы технологиялық тігін машиналарымыз бар. Осы машиналар арқылы жұмыс жасаймыз. Бұл қыздарға ыңғайлы. Өзінің лампасы бар, қарауға да, қиюға да ыңғайлы. Төтенше жағдайларды қорғау бойынша біз солардың киімін тігеміз. Ол киімдердің өзіміз сызамыз,өзіміз өлшемін аламыз. Бізде World skils деген халықаралық чемпионатымыз бар республикалық. Бірінші колледжішілік болады, одан кейін облыстық, облыстан кейін республкаға барамыз, егер республиканы жеңіп жатсақ шетелге шығамыз. Республикадан барып, ол жақты да жеңіп, енді Дания мемлекетіне жолдама алып отырмыз//

Ал, колледждің «Жас құрылысшы» үйірмесінде 50-ге жуық студент тәжірибе жинақтауда. Солардың бірі – Бекарыс Қалдыбек.

БЕКАРЫС ҚАЛДЫБЕК – СТУДЕНТ //бұған дейін құрылыс туралы дым білмейтінмін. Осы жақа келіп үйрендім. Болашақта құрылыс саласында жұмыс істегім келеді және осы колледжден алған тәжирембемнің бәрін көрсеткім келеді.

АЙБЕК КІШКЕНЕЕВ – ОҚЫТУШЫ// Колледждің құрылыс шеберханасы. Бұл плиткамен қаптау құзыреттілігі сонымен қатар құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары деген 2 құзыреттілік жұмыс жасайды. Біз құрылыс мамандығы бойынша 2019 бастап чемпионат Қазақстанға қатысып тұрамыз. Ұлттық чемпионатта біз бірыңғай күміс және алтын иегері болып жүрік. Біз былтыр үздік маманға ие болдық.

Абылай хан атындағы жоғары колледжді биыл 252 түлек бітірсе, соның 180-і жұмысшы мамандығын игеріп шыққан.