#qyzylordatv

Елімізде жаңа бизнес идеяларды дамыту мақсатында қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдаудың екінші кезеңі басталды. Өтініштер Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн қабылданады.

  Облыс бойынша грант берудің бірінші легінде портал арқылы 1 296 адамнан өтініш қабылданып, арнайы құрылған комиссиялардың шешімімен 679 адамның бастамасы мақұлданған. Айта кетейік, қайтарымсыз грант атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жұмыссыздардың бәсекеге қабілетті жобаларына беріледі.

  ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

11 тамыздан бастап республика бойынша гранттың екінші легіне электронды еңбек биржасы арқылы өтінім қабылдау басталды. Бұл жерде басты ескерте кететін мәселе – алаяқтардың алдау әрекетінің құрбаны болып қалмай, грант бойынша кеңес аламын деушілер тікелей тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарының мамандарына жүгінуі қажет.