#qyzylordatv

«Жастарға барынша жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі». Халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жүздескен Президент осылай деді. Шәкірт қабілетін ұштаған ұлағатты ұстаздар мемлекеттік марапатқа лайық екенін жеткізіп, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтты. Жиын соңында Мемлекет басшысы дарында жастарға қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.