#qyzylordatv

Медициналық қызмет ауылдық жерде қолжетімді ме? Осы сауал төңірегінде Жастар ресурстық орталығында қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға денсаулық сақтау саласының мамандары, облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

  «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы аясында денсаулық сақтау саласы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізіп, ауыл тұрғындарының пікірін білген. Жиынға қатысушылар сауалнама нәтижесі бойынша әзірленген ұсыныстарды талқылап, мүдделі мемлекеттік органдар бірқатар мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдаса деген тілегін жеткізді.

ЖАНАТ САПАРЖАНОВА — «БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

//// Ауылдарға барып зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі ақысыз медицина ауылда қолжетімді ме, кемшін тұстары бар ма соны зертеу үшін онлайн опростар жүргіздік.Осының нәтижесінде бізде аналитикалық есеп дайын болып, ұсыныстар шықты. +02:23 Дәрігерлердің жетіспеушілігі, халықтың өз құқығын білмеуі, білмегендіктен мемлекеттен берілетін тегін мед-қ қызметтерді немесе тегін дәрі дәрмекке қол жеткізе алмауы, міне, осындай мәселелер көп. Сонымен қатар, кейбір науқас адамдардың өзіне тиесілі қызметтерді ала алмай жүрген мәселелерін қарастырамыз. Ары қарай осы мәслелелермен жұмыс жасайтын боламыз.