#qyzylordatv

Елімізде шілде айынан бастап адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын маска мен никаб киюге тыйым салынды. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталға бастама.

 Қызылордалық полицейлер заңдағы өзгерістерді ақпараттандыру мақсатында халық көп шоғырланған жерлерде, ойын-сауық орындарында жаңа талаптың мәнін, құқықтық негіздерін және бұл шектеуді сақтау маңызды екендігін түсіндіріп жатыр. Өйткені, бұл құқықбұзылушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Егер заң талаптары ескерілмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Айта кетейік, түсіндірме жұмыстары барлық ауданда жүргізіледі. Бұған қоғам белсенділері, жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері де тартылды.