#qyzylordatv
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры жыл сайын «Мектепке жол» акциясына ерекше үлес қосып келеді. Биыл да қордың облыс бойынша өкілдігі 2000-нан астам баланы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтуды жоспарлап отыр.
Оның алғашқы легі бүгін орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінен бастау алды. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ұл-қыздарына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған 500 сөмке үлестірілді. Енді бұл игі шара аудандар мен ауыл-аймақтарда да жалғасады. Басты мақсат - әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды киім-кешек, кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, демеу жасау. Қайырымдылық іске жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт имамдары, ерікті тұрғындар өз үлесін қосуда.