#qyzylordatv

Аз қамтылған және мемлекет қолдауына мұқтаж балаларды мектепке дайындау үшін бюджеттен 23 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат кемінде 500 мың баланың оқу-құралын түгендеуге жеткілікті.

  Енді оны облыс әкімдері дұрыс басқаруы тиіс, - деді үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов. Ал, оқу-ағарту министрлігіне 1 қыркүйекке дейін барлық оқушыларды кітаппен толық қамтамасыз ету жүктелді. Бұдан бөлек, еліміз бойынша 34 мектепте жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанша аяқталмай қалуы мүмкін. Үкімет басшысы жауапты органдар мен мердігерлерге жұмысты жеделдетуді тапсырды. Жиын барысында премьер-министр оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударды.

 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Мемлекет басшысының бірыңғай қауіпсіздік жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы сапалды әрі белгіленген мерзімде орындалуы керек. Білім беру мекемелерінде лицензиясы бар күзет, турникеттер, жедел басқару орталықтарына қосылған камералар міндетті түрде болуға тиіс. Мұның барлығы оқу орындарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік береді.