#qyzylordatv

Қызылордада күні кеше құрылыс заттарын сататын сауда орны отқа оранды. Жалпы, көлемі 2500 шаршы метр болатын нысанның, 1500 шаршы метрі жанып кетті. Тілші бейнематерилында толығырақ.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ:////Бұл ғимарат Әйтеке би көшесінде орналасқан. Қала тұрғындарының айтуынша, мұнда құрылыс заттары саудаланады. Қазір полиция қызметкерлері аталған аумақты толықтай қоршауға алған. Мұнда ешкімді өткізіп жатқан жоқ.

 Куәгерлердің айтуынша, өрт кешкі 5-тің шамасында тұтанып, қатты желдің әсірінен лезде күш алған. Төтеншеліктер таратқан ақпарға сүйенсек, қызыл жалынды ауыздықтауға 60-тан аса қызметкер мен 23 бірлік техника жұмылдырылды.

 ЖАСҰЛАН ТҮЙМЕНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ /17 сағат 05 минутта Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі 52 мекен-жайында қойма жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түсті./ Өрт 18 сағат 34 минутта оқшауаланып,19 сағат 09 минутта сөндірілді. Өрттен жарақат алған адам жоқ.

 Төтеншеліктер оқиға орнынан 1 газ баллонын алып шыққан. Бүгінде сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталуда.