#qyzylordatv
Алдағы үш жыл ішінде елімізде үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай жойылады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде бірінші сыныпқа
баратын оқушылар саны жыл сайын тұрақты түрде артып келеді. Мәселен, биыл 341 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Ал мектеп бітірушілер саны бұдан шамамен 100 мыңға аз. Кейбір өңірлерде оқушы саны уақытша тұрақталғанымен, келесі оқу жылында мәселе қайта туындап жатады. Бұл проблема әсіресе Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ерекше өзекті. Қазіргі таңда өңірлердегі демографиялық өсім мен оқушы санына байланысты жағдай жан-жақты сараланып, нақты шаралар қабылдануда.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ - ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Тағы да бір мәселе туындауы мүмкін. Оны да біз жоспарлап көріп отырмыз. Егер біз қазір ескі мектептерді де жаңғыртпасақ ондағы оқушылардың жаңа мектептерге ауысу мәселесі де ушығады де біздің соғылып жатқан мектептерге ол мектептердің келу ағымы көбейгендіктен бұл мәселе тоқтамауы мүмкін. Сондықтан қажетті ауылдағы, шалғайдағы мектептерді де келешек мектептердің деңгейіне жеткізу бағытында қазір тиісті шаралар қабылдап жатырмыз