#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Жұмысшы мамандықтар жылына орай жергілікті колледждер оқу бағдарламаларына тың жобаларды енгізіп жатыр. «Orda» жоғары колледжі де уақыт ағымынан қалыс қалмай, алыс-жақын шетелдің тәжірибесін басшылыққа алыпты. Балаларды бірнеше мамандыққа баулып, студенттердің білімін шет елдерде жетілдірмек ниетте.

 «Orda» жоғары колледжінде 28 мамандық бойынша 600-ге жуық студент оқиды. Ерекшелігі сол, еңбек нарығына қажетті болашақ мамандар енді шет елдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білімін жетілдіре алады. Осы мақсатта оқу орны Түркия, Корея,Қырғызстандағы бірқатар оқу орнымен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

ГҮЖАМИЛА ДОСЖАНОВА — «ОРДА» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Түрік елінің, Қырғыз елінің, Корей елінің бірнеше оқу орындарымен қарым-қатынас орнатып, меморандумға қол қойған болатынбыз. Атап айтатын болсақ, Турцияның Конья қаласындағы Сельчук университетімен тігін өндіріс саласы бойынша бірлесіп, меморандумға отырдық. Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен бірлестік. Бұл арқылы алдағы уақытта қосдипломды бағдарлама арқылы талапкерлерді қабылдаймыз және академиялық ұтқырлық. Яғни Корей және Қазақстан елінде бірлескен бағдарлама арқылы студенттер білімін шет елдерде жетілдіретін болады. Алдағы уақытта Түркияның оқу орындарына студенттер жібереміз және оқытушы алмасулар болады арамызда.

 25 жылдық тарихы бар білім ордасы заманауи талаптарға сай дамып келеді. Ал,студенттер түрлі додаларда топ жарып жүр.

ӘСЕТ ЖАРҚЫН —СТУДЕНТ

// Мамандығым — бағдарламалық қамтамасыздандыру. Осы жылы 3-курсты аяқтап, жұмысшы біліктілігін алдым. Ары қарай техник біліктілігін алу үшін оқуымды жалғастырып жатырмын. Осы жылы жұмысшы мамандықтар слеті болды. Сол жердегі көрмеде мен өзімнің мамандығым маңызды құрал екенін түсіндім. Осы цифрлық дағды арқылы мен WorldSkills чемпионаттарында және Dos Skills халықаралық чемпионатында үшінші орын иелендім. Осы жылғы жетістігім академиялық ұтқырлық арқылы Түркия еліне жолдама алдым.

Аталған колледж педагогика, роботехника, техникалық бағыттарда 40 біліктілік бойынша білім береді. Соңғы жылдары темір тұлпарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар саны артқан.

 САПАРБАЙ РАЕВ —ОҚЫТУШЫ

Жылына осы мамандық бойынша 3 біліктілік бойынша студенттер қабылданады. Техник-механик, автоэлектрик және автомобиль слесарь деген. Жалпы 100-ге жуық студент қабылданады бізге, құжаттарын тапсырып, 5 оқу тобына дейін бір жылда ашылып жүр, барлығы мемлекеттік грант негізінде. Жұмысшы мамандықтар 2 жыл 10 ай оқытылады. Техник-механик біліктілігі бойынша 3 жыл 10 ай оқытылады. Бізде оқыту барысында, көріп тұрғандарыңыздай, техникалық жөндеу орталығымыз сто дейді. Осы жерде оқытамыз, жоғарыда жабдықталған бірнеше кабинеттер бар, келесі корпустарда шеберханамыз бар, материалдық техникалық базасы өте жақсы. Қызылорда автобус паркімен де тығыз байланыстамыз. Компьютерлік диагностикалық қондырғылармен жұмыс жасайды.

 «Жұмысшы мамандықтары жылы» жастарды оқыту ғана емес, олардың өз кәсібіне деген құрметін арттыруды да көздейді. Ал кәсібін жетік меңгерген мамандар келешекте ел экономикасының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.