#qyzylordatv

Өңірімізде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 70 мыңнан астам гектар жер химиялық өңдеуден өтті. Сонымен қатар қауын шыбыны, калифорниялық қалқанша сымыры, жатаған у кекіреге қарсы күрес жүргізілді.

 МҰХТАР ОРАЗБАЕВ- ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ Биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына келісім шарт негізінде 4 арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақ және 3 дрон, қосымша 3 ұшақ, 10 жер агрегаты - барлығы 23 техника қатыстырылды. Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын тиімді ұйымдастыру-үйлестіру мақсатында,аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалынды. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылды. Осыған сәйкес, өңдеу жұмыстары жүргізілетін әр ауылдық округтер бойынша қажетті техникалар, зертеушілер мен жауапты мамандар бекітіліп, тиісті деңгейде жұмыстар атқарылды

 Мамандардың айтуынша, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары күзге дейін жалғасады. Ал базарлар мен сауда орындарында өнім сапасына қатысты тексеріс басталып, заңбұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілмек. Мәселен, сауда базарларына жүргізілген қадағалау нәтижесінде жыл басынан бері 75 әкімшілік айыппұл салынған.