#qyzylordatv
Облыстық әділет департаменті Конституцияның 30 жылдығы аясында «Әр азаматқа – заңды көмек!» атты ашық есік күнін өткізді. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңдық тұрғыда тегін көмек көрсету. Шара барысында тұрғындар сала мамандарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.
Тұрғындар әділет департаментінің мамандарына көбінесе жеке сот орындаушылардың әрекеті, алимент өндіру және нотариус қызметіне қатысты түрлі сауалдармен келеді. Әділет министрлігі осы тұрғыда азаматтардың уақытын тиімді өткізу және жылдам ақпарат алуы үшін жасанды интеллект негізіндегі Цифрлық кеңесші қызметін іске қосты. Яғни, кез келген адам әділет порталы арқылы құқықтық кеңес ала алады. Тағы бір жаңашылдық, «робот - сот орындаушы» платформасы іске қосылды. Мұның тиімділігі мынада.
ҰЗАҚБАЙ ОРАЗГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ \автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынған жағдайда осы робот сот орындаушысына түседі. Робот сот орындаушы бір ай уақыт беріп, сол мезетте төлесе жеке сот орындаушыға түспейді. Алдыңғы уақытта атқарушы өндіріс жеке сот орындаушыға түсетін болса ол 25 пайызына алатынтұғын. Қазіргі таңда робот сот орындаушының халыққа көп тиімділіг бар\
Ашық есік күні аясында нотариаттық палата қызметкерлері де азаматтарды қабылдап, құқықтық кеңес берді. Тұрғындар тарапынан жылжымайтын мүлікті атына аудару, мұрагерлік істі жүргізу секілді сұрақтар қойылды.
ЛӘЗЗАТ СҮЙЕУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ БАСШЫСЫ \90-95 жылы қайтыс болған үлкен кісілердің атындағы мұрагерлік істі қалай жүргіземіз және шетелге балдарын оқуға жіберіп жатады қандай құжаттар талап етіледі ол қалай рәсімделеді ....\
БАНУ ӘЛИАКБАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \нотариалды палаталардың атқару парақтары туралы сұрадым. Өзім бухгалтер болғаннан кейін жұмысшылардан көп келеді атқару парақтары. Көзбе көз сөйлескен жақсығой негізі. ...\
Ашық есік күні алдағы уақытта аудандар мен елді мекендерде де өткізілетін болады. Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.