#qyzylordatv

Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шарада 30-дан астам бала ата-анасынан көз жазып қалған. Абырой болғанда, полиция қызметкерлерінің көмегімен барлығы да аман-есен табылды.

Жастар күні облыс орталығында кең көлемде аталып өтті. Сондықтан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Ұлттық ұлан сарбаздары, сондай-ақ, 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Полицейлер халық көп жиналатын орындарда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмаса дейді.