#qyzylordatv
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамында 32 адам бар. Оның 12-сы Парламент депутаттары, нақтырақ айтсақ, 11-і Мәжілістен, 1-уі Сенаттан. Бұдан бөлек, жұмыс тобында белгілі заңгерлер мен ғалымдар, Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар бар.
Еске салайық, Президент биылғы Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынған болатын. Осы мақсатта құрылған парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қызметі қандай? Бұл жөнінде жұмыс тобының мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов жауап берді.
МАРАТ БӘШІМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Президент айтты ғой, барлығын ашық түрде өткіземіз деп. Талқылаймыз дегенен кейін, сондай ашық форматы болады. Бірақ, ұсыныстар жіберсеңіз ол заңды түрде келіп, регистрация өтіп, ұсыныстарды жазып отырғанға сондай жол ашылған. // Өзгерістер белгілі, 56 бап тарихқа кетеді. Конституцияның 24 бабы бар. олар да өзгереді. Өйткені оның ішінен сенаттың функциялары кетіп отырады.//