#qyzylordatv

Облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакованың 70 жасқа толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Ол – өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосқан жан.

Галина Щербакова Қазақстанға жасөспірім кезінде келген. Жауапкершілігі мол, еңбекке құштар ол жастайынан ел игілігі үшін еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдар бойы облыстық салық комитетінде жұмыс істеп, онда үлкен кәсіби мектептен өткен Галина Сергеевна әріптестері арасында да үлкен құрметке ие. Кейінірек "Славяне" қоғамдық-мәдени орталығын басқарған қоғам белсендісі ұлтаралық келісімді, халықтар арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Оның жігері мен бастамасының арқасында орталық достықтың және игі істердің алаңына айналды.

 РУСЛАН КАЮПОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /

Сіздің жігеріңіз бен адалдығыңыз бәрімізге үлгі. «Славяне» қоғамдық мәдени орталығының жетекшісі ретінде Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуға баға жетпес үлес қосудасыз. Сізге денсаулық, бақыт және еліміздің игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін.

ГАЛИНА ЩЕРБАКОВА, «СЛАВЯНЕ» ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Шынында да, мен осы қазақ жерінде өмір сүргенім үшін тағдырыма ризамын. Мен мұнда өз отбасымды құрдым, көптеген дос таптым, еңбек етіп, мансап жасадым. біз Отанға адал қызмет етуді ойладық. Шын мәнінде Қазақстан менің Отаныма айналды.