#qyzylordatv
Еліміздің біртуар қайраткер ұлы Смағұл Сәдуақасов 1920-шы жылдары қазақ жерінің тұтастығына қатысты жұмыстарға белсенді қатысты. 1921 жылы Семей облысын Сібір ревкомының қарамағынан Қазақ АКСР-і құрамына алу ісіне басшылық етті. Ақмола мен Семейді 1921 жылы 1 қаңтарынан Қазақстанға қайтаруы тиіс болса да, бұл мәселе уақытында орындалмай, Омбыдағы Сібір басшыларымен айтысып-тартысып, қайтартқан да Сәдуақасов болатын. Ал, Қызылорданың Қазақ елінің саяси орталығы ретіндегі ролін экономикалық тұрғыдан дәлелдеп шыққан осы Смағұл Сәдуақасов болатын дейді тарихшы Нұркен Әбдіжәлиев өз кезегінде.