#qyzylordatv

Жалағаш ауданында «Кеусен - салт-дәстүрдің алтын арқауы» атты іс-шара өтті.

Әдетте егін пісіп, мол өнім алынғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына кеусен үлестіреді. «Руханият орталығы» алаңында өткен шарада ауыл тұрғындарына ұмыт бола бастаған осы мырзалық дәстүр кеңінен таныстырылды.

ЖАСҰЛАН ЕСПЕНБЕТ - АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Жалағаш ауданында кеусен салт дәстүрін алтын арқау атты шара бірінші рет өткізіліп жатыр. Негізгі мақсаты - осы шаруашылықтар, сонымен қатар ауыл тұрғындары осы егісті бақша өнімдерін жинаған уақытта өздеріне көмектескен көршілеріне , сонымен қатар ағайын-туыстарына егінді жинап болғаннан кейін кеусен таратқан. Бұның негізгі мақсаты осы, бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрімізде бар .қазіргі осы жас ұрпақтарды кеусен салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында шараны өткізіп жатырмыз.

 Бұл күні сахнада аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, сахналық қойылым қойды.

АЛТЫНГҮЛ БОДЫШЕВА - АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ // Міне кеусен деген біздің ата-бабамыздың баяғыдан келе жатқан дәстүр егінде, дәнді жинағаннан кейін сондай кеусен деп әр үйге таратып беретін .Өте керемет, қызықты болып жатыр. Баяғыда аталарымызда болған , жас кезімізде көрдік, одан кейін болған жоқ, енді бірінші рет кеусен деген болып жатқаны.

 БАЛТАБАЙ ЕРҒАЛИЕВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ // Мінекей, бүгін рухани орталықта мынау ертеден келе жатқан , ұмытылып қалған кеусен деген шарамыз жүріп жатырмыз. Бұл енді сол халыққа, келер ұрпаққа өнеге болсын , ұрпақтары ұмытыласын деп осы шараны көрсетіп жатырмыз. Келешек осы шаралар қайталана берсін. Жастар енді ұлттық өнерімізді қолға алсын , ұрпақтар осындай іс-шараны көріп әрі қарай жетіле берсін.

Қазақы дәстүрді ұлықтаған бұл шарада кеусен таратылып, ақсақалдар бата берді.