#qyzylordatv
Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры халықаралық өнер бәйгесінде топ жарды. Өнер ұжымы Қостанайда өткен «QITFEST» халықаралық театр фестивалінде Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналап, «алтын» жүлде иеленді.
Халықаралық театр фестиваліне Иран, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Армения және Қазақстаннан барлығы 11 театр қатысты. Соның ішінде Сыр театры үздіктердің көшін бастады.
МҰХТАР НИЯЗОВ - Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ / жылда Қазақстанда өтіп жатқан фестивальдардан бұның дәрәжесі де , ұйымдастырылуы да өте үлкен. Осы фестивальдің де үлкен жаңалығы болды және бұйырса осы қойылыммен біз Қырғызстанға да үлкен шақырту алып жатырмыз, алдағы уақытта бұл театрдың кәсіби жетілуіне, мамандардың жан-жақты жетілуіне осы жолда біз аймақ басшысы Н.Машбекұлына және бізге тілекші Сыр еліне алғыс айтамыз.
Айта кетейік, театрдың шығармашылық ұжымы «Найзағай» драмасымен екінші мәрте халықаралық деңгейде бас жүлде иеленіп отыр.
БАҚЫТБЕК ТЕМІРБЕКОВ – ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ // Енді бұл біздің Сыр елі үшінде тарихи сәт. Өйткені 1 жылда 2 халықаралық дәрежедегі фестивальдан бас жүлде алу бұл тарихи сәттердің бірі ғой деп ойлаймын.
БАҚЫТБЕК АЛПЫСБАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ // Біздің театрымызда Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрынанда үлкен жеңіс. Үлкен халықаралық театр фестивалінен бұрынғы театр фестивалінен бұның айырмашылығы арнайы жүлде номинациялар болған жоқ, тек алтын , қола, күміс деген үш-ақ орын болды.Әрдайым өнер мерекесінде үлкен жеңістерге жете берейік.
Театр ұжымының халықаралық деңгейде үздік өнер көрсетуі үлкен ізденіс пен аймақтағы мәдениет саласының даму үстінде екенінің айғағы. Театр – елдің рухани ордасы, ал бұл жеңіс – Сыр елінің ортақ қуанышы.