#qyzylordatv
Арал өңірінде балық шаруашылығының 100 жылдығына орай жаңа зауыт іске қосылды. «Қарашалаң балық» серіктестігі қолға алған жоба аясында жылына 6 мың тонна балық өңделіп, Еуропа елдеріне экспортталмақ.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ //// Жаңадан жұмысын бастаған кәсіпорын күніне 2 тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Көксерке, торта, тағы да бірқатар тісті балықтар осы жерде өндіріліп, шет елге экспортталады.
Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт балық аулау, сақтау, өңдеу, сатумен айналысады. Жаңа нысанда арнайы тоңазытқыш камерасы бар, балық сақтайтын орындар да стандартқа сай. Бүгінде балық өңдейтін кәсіпорында 30-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Кәсіпорын тісті балықтардың жон етін еуропа елдеріне экспорттайтын болады.
НҰРСҰЛТАН САПАРБАЕВ ¬–ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ //// Теңізде 6 және 9 учаскеміз бар. Сол учаскеден балық ауланады. Үкіметтің балық аулауға берген рұқсатымен, лимитімен балық аулап, сыртқы нарықтан балық алып, сөйтіп кестіреміз. // Жалпы 80-85 пайызы сыртқа шығарылады. Қалған 15-20 пайызы ішкі нарыққа сатылады. Қазір ең бірінші экспортқа шығарылып тұрған балығымыз филе судака дейміз. //Еуропа елдеріне шығарылады. Өзіміздің контрактымыз бар отырып қойған. //
Бүгінде Арал ауданында жылдық қуаттылығы 23 900 тонна болатын 9 балық зауыты жұмыс істейді. Оның екеуінде «Еврокод» яғни, Еуропалық сапа стандартын растайтын белгісі бар. Зауытта көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, мұздатылған және балық ұны өңделеді. Бұдан бөлек, ауданда 15-ке жуық сұрыптау және сақтау цехтары халық игілігіне қызмет етуде. Бұл мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесі. Зауыттың ашылу салтанатында сөз алған Аманжол Оңғарбаев Арал теңізінің тағдыры Президенттің тікелей бақылауында екенін айтты.
АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ ¬¬– АУДАН ӘКІМІ // Мемлекет басшысының саясатын жақсы білесіздер. Біз Аралды қайткенде де толтыруға тейіспіз деп кешегі жолдауында да атап өтті. Сол мақсатта алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетініне кәміл сенеміз. Біздің әлде де үмітіміз зор. Теңізіміз әлде де балық өніміне үлкен молшылықтарға кенелетініне кәміл сенеміз.
Теңіз төскейіндегі өткен балық шаруашылығының ғасыр тойына Балық шаруашылығы комитетінің, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері мен өзге өңірлерден келген балық шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Олар зауыттың ашылуынан соң, «Арал сервистік дайындау орталығының» жұмысымен танысып, «Балықшылар аллеясында» болып, арнайы дайындалған балық өнімдерінен дәм татты.