#qyzylordatv
Сондай-ақ, делегация мүшелері «Балықшылар аллеясына» барып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал отырғызды.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ: // Тарихтан белгілі болғандай теңіздің балығы асау тайдай тулап, шағаласы шулап, толқыны ақ жағаға құлаш ұрған шақта төрт мезгілде де дамыл таппай, теңізден тіршілік нәрін терген балықшылар үшін Арал қаласында балықшылар аллеясы салынған болатын. Мұнда ауданның өткені мен бүгінін бейнелейтін көптеген көріністер көз алдыңызға келеді. Мәселен, ау ұстаған балықшылардың ескерткішінің өзі осы аллеяға сән беріп тұр
Иә, Аралды балықсыз һәм балықшысыз елестету қиын. Себебі, айдынды өлкедегі негізі кәсіп көзінің бірі осы балық шаруашылығы. Ата кәсіпке биыл ¬¬100 жыл толып отыр.
Арал теңізінің балық байлығы 19 ғасырдың аяқ кезінен игеріле бастады. Әсіресе Орынбор- Ташкент темір жолы іске қосылғаннан кейін теңіз жағасында орналасқан елді мекендерде шағын балық кәсіпшіліктері дами түсті . Кезінде мұнда балық жүйесіне мамандар дайындайтын училище және оқу комбинаты болды. Жыл сайын жүздеген матростар, кеме капитаны, механиктер, шеберлер, ұсталар, балық тоңазытушы және сұрыптаушылар дайындалған.
Балық шаруашылығы өндірісінің ғасырлық тойына келген қонақтар аллеяға аялдады. Делегация мүшелерін күтіп алған өнерпаздар жиылған жұртқа ән-күйден тарту жасады. ИНТЕРШУМ: // ән//
Мұнан соң меймандарға Арал жұртының негізгі тіршілігі балық шаруашылығын қойылым арқылы жеткізіп, балықтан дайындалған ас ұсынды.
Балық шаруашығы саласының ғасырлық тойына келген қонақтар 50-ге жуық тал отырғызып, аллеяның көркеюіне үлес қосты. Игі істің басында аудан ақсақалдары да бар.
Арал ауданы өзінің табиғи ландшафтымен ерекше. Ауа-райы ыстық, топырағы тұзды. Десе де, құмды болса да орталығында сәнді гүлдер мен ағаштар жайқалып өсіп тұр. Көшелері тап-таза. Жалпы, «Таза Қазақстан» акция асында ауданда жыл басынан бері 7350,8 тонна қатты қалдық жиналған.
Ал, аудан орталығы мен көшелеріне жергілікті климатқа төзімді Сыр талы, үйеңкі, қайың, қаратал секілді 19 500 түп ағаш отырғызылды. Бұдан бөлек, аллеялардың, саябақтардың және тарихи-мәдениетті ескерткіштердің аумақтары тазартылып, әрлеп-сырлау жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.