#qyzylordatv
Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде шаһардағы көшелер кеңіп, жол сапасы жақсарып келеді. Пресс турдан оралған тілшіміздің бейнематериалында толығырақ.
Осы күндері қаламызда Мұстафа Шоқай көшесі кеңейтіліп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. Ал, Айдосов көшесінен Сұлтан Бейбарыс даңғылына дейінгі екі шақырымдық жол төрт жолақты болып кеңейіп, жарық шамдары орнатылмақ. Бұл жұмыстарды “Қыран” серіктестігі атқаруда.
МАРАТ СЕРІКБАЕВ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ // Жол жөнделеді, тротуарлар түседі оң жақ бетіне, жолда жүргенде екі жақ бетіне освещение түседі. Жоба бойынша 2 км болады. Жұмыс тамыз айының аяғында басталды, қараша айының 25-іне дейін аяқталып, жол қолданысқа беріледі.
Тілші: Қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыру мақсатында көпқабатты үйлердің аулалары да жаңаруда. Жаңа ойын алаңдары , демалыс орындары салынып, спорттық құрылғылар орнатылып жатыр.
РУСЛАН ҚЫПШАҚБАЕВ - «ЕҢБЕК» РГП ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Қазір Қызылорда қаласында 20 көпқабатты үйдің ауласын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келісімшарт 1 қыркүйектен бастап күшіне енді. Жобаға жалпы 7 ай мерзім қарастырылған, бірақ біз жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 20 үйдің 12-сінде құрылыс белсенді жүріп жатыр, қалған 8-інде демонтаж жұмыстары жүргізілуде.
Бұл – тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы.