#qyzylordatv
Қызылордалық дәрігерлер ультрадыбыстық навигация бойынша біліктілігін арттыруда. Шеберлік сағатында ақхалаттылар дертті анықтаудағы заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп жатыр.
Кез келген стационарда анестезиология және реаниматология қызметі науқастарға емдік көмек көрсетуде жетекші орын алады. Әсіресе, балалар реанимациясында ауыр жағдайларда пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін ультрадыбыстық навигацияны енгізу маңызды. Шеберлік сабағында реанимациялық іс-әрекеттерді көрсету және қарқынды терапия жүргізу кезінде туындайтын мәселелер талқыланып, медицинадағы соңғы жетістіктер мен инновациялар таныстырылды.
Мамандардың айтуынша, мұндай практикалық бағыт-науқасқа көмек көрсетудегі қателікті азайтып,шешім қабылдауды тездетуге сеп болады.
АЙГҮЛ АҒЫНБАЕВА- ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
// Бұл – заманауи медицинаның соңғы жетістіктері мен жаңалықтары аясында өте мазмұнды әрі нәтижелі семинар болып жатыр.Әрбір дәрігер, әсіресе жедел көмек көрсететін анестезиолог-реаниматологтың ультрадыбыстық зерттеу дағдыларын меңгеруі маңызды. Осы бағдарламаларды меңгеру арқылы біз диагностика уақыты мен дәлдігін айтарлықтай арттырып, медициналық көмектің сапасын жақсарта аламыз.