#qyzylordatv

Сыр өңірінде Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Кездесуде жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес бюджет процесін іске асыру мәселелері талқыланды.

 «Бюджет процесін реформалау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,- дейді сенаторлар. Жаңартылған Бюджет кодексі мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға, қаржы жүйесін оңтайландыруға және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұста Сыр өңірі жаңа бюджетті қалыптастыру мен орындаудың тәсілдерін жан-жақты қарастыру алаңына айналып отыр. Және аймақта қаржыны тиімді басқару тәжірибесі бар екендігі айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов жалпы сипаттағы трансфертер бойынша проблемалық мәселелерге тоқталса, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері негізгі өзгерістерге шолу жасап, оның бюджет процесіне әсерін жеткізді. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов мұндай талқылау өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, бірдей қаржылық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және қаражатты тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін айтты.

 СҰЛТАНБЕК МӘКЕЖАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

// бюджет заңнамасын қайта жаңғыртудың басты мақсаты – мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру, бюджет процесін оңтайландыру және бюджет қаражатының тиімділігін арттыру. Сондықтан да республикалық бюждетті және алдағы үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қарауға дейін,бюджетті қалыптастыру мен атқарудың жаңа тәсілдерін, респ бюджеттің үшін келіп отырмыз. //

 Мамандардың айтуынша, жаңа үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер Үкіметтің алдына қойылған негізгі міндеттерді шешуге, оның ішінде өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздіктерді азайтуға ықпал етеді. Жиынды түйіндеген Комитет төрағасы өңірлерде өткізілген практикалық талқылаулар жаңа Бюджет кодексінің нормаларын енгізу тиімділігін кешенді бағалауға және дер кезінде проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.