#qyzylordatv
Түркістан облысында болған қайғылы оқиғадан кейін өрт қауіпсіздігі мәселесі елімізде жіті назарға алынды. Қызылордада жылыту маусымының басталғалы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрттің алдын алу ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тілсіз жаудың алдын алу — олардың басты міндеті. Осы мақсатта департамент қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық рейд өткізіп, жылыту және газ жабдықтарының жағдайын тексеріп, қауіп тудыратын факторларға ерекше назар аударып келеді. Тұрғындарға арнайы ескерту парақтары таратылып, қауіпсіздік талаптары жіті түсіндірілуде.