#qyzylordatv
Қаламызда арнаулы орта оқу орындары арасында «Күзгі бал – 2025» байқауы өтті. Іс- шараға қатысушылар ұлттық, заманауи және этно бағыттағы стильдермен тәнті етті.
Байқауға 7 колледж атынан іріктеуден өткен ең үздік жұптар қатысты. Студенттік шығармашылықты қолдауға бағытталған шараға әр жұп ерекше дайындықпен келген. Таныстырудан бастап өнер көрсету кезеңіне дейін қатысушылар стильдерін, сахналық мәдениеті мен шығармашылық қабілетін көрсетті.
Барлық кезеңнің нәтижесі бойынша үздіктер анықталды. Қазылар алқасы сән үлгісі, шеберлік және сахналық мәдениетке қарай бағалап, жүлделі орындар мен номинация иегерлерін марапаттады. Байқаудың бас жүлдесі Орда жоғары колледжінің студенттеріне бұйырды.
Студенттер арасындағы бұл шығармашық алаң өңір жастарының өнерге деген қызығушылығын арттыра түскендей. Сол себепті байқау дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.