#qyzylordatv
Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық сақтандыру мен халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қаралды. Үкімет басшысы аталған бағдарламалардың маңыздылығын атап өтіп, іске асыру бойынша орталық атқарушы органдар мен өңір әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды.
Жиында аймақ басшысы Президент Әкімшілігінің келісімі мен Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, Мадияр Мырзагелдиев облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалғанын атап өтті. Мадияр Айдосұлы еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының мемлекеттік өрт бақылау басқармасында бастаған. Әр жылдары Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Сарыарқа, Алматы аудандары бойынша басқармасында бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2025 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарып келді.
Ал Қаржы министрлігінің бұйрығымен облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына Ренат Құдайбергенов тағайындалды. Ренат Мәжитұлы еңбек жолын 2002 жылы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің кафедра ассистенті қызметінен бастаған. Әр жылдары облыстық экономика басқармасының жетекші маманы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2023 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
Жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Аймақ басшысы барлық көрсеткіштер бойынша 2025 жылға болжамды жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Жиында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы бағытындағы жұмыстар сараланды.
Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар кәсіпорындардың өнім көлемі төмендегеніне байланысты басқарма басшыларының жұмысын сынға алып, экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсу динамикасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, қыс маусымында өрттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. Аймақ басшысы өрттің алу бойынша түсіндірме жұмыстарын күшейту керек деді.
Бұл ретте аймақ басшысы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Облыс әкімі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың да жағдайын назарға алу қажеттігін айтты. Өзекті мәселенің және бірі азық- түліктің бағасын тұрақтандыру. Аймақ басшысы мемлекеттің арзандатылған газын алып, оны халыққа сатып, пайда көріп отырған операторлардың жұмысы сынға алды.
Осылайша мәжілісте бірқатар сала бойынша жұмыстар жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі сапа басты орында болуы керегін ерекше атап өтті.