#qyzylordatv

Жылжабар ай – желтоқсанда мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бюджет кірісі бойынша жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз етуге, есеп-қисабын реттеуге барлық ресурсын жұмылдыратыны заңдылық. Бүгінгі селекторлық мәжілісте Үкімет те осыны талап етіп отыр.

 Барлық басқармалар мен әкімдіктер жоспарланған бюджет қаражатын қатаң түрде бекітілген бағыттар бойынша игеруі тиіс. Ал, үнемделген қаржы басым міндеттерді орындауға немесе Үкімет резервіне тапсырылуы шарт. Әкімдіктер бюджетте артық қаржы қалған жағдайда даму бюджетін кеңейтуге пайдалана алады. Осы бағытта қарқынды әрекет жасалуы керек.