#qyzylordatv #заңментәртіп

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қаржы сақшысы» интерактивті ойыны өтті. Қаржылық мониторингі агенттігі ұйымдастырған іс-шара Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

 Интерактивті ойын Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Бұл бастама оқушыларды қаржыны дұрыс игеруге және алаяқтықтан сақтануға үйретеді. Ойын барысында оқушылар нақты өмірде кездесетін қаржылық жағдайларды шешіп, бюджетті тиімді жоспарлауды меңгерді. Сонымен қатар, олар алаяқтық схемаларды тануды және одан қалай қорғануды үйренді.

ӘЛИХАН ЕРНАЗАР - ОҚУШЫ //Қаржылық сауаттылық ойынында мен инвестиция жасауда, ақшаны үнемдеуді үйрендім және де өзімді банк қызметкеріндей сезіндім. Бұл ойынды ойнап біткен соң ата -анама қаржылық сауаттылық туралы кеңестер айтып, оны қалай үнемдеу керек екені, инвестиция жасау керек екенін үйреттім. Бұл ойын өте қызық болды.//

 ШАХИЗАТ ОЛЖАБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ //Бұл ойынға біздің Қызылорда облысынан оқушылары да белсене атсалысып жатыр, 26 мыңнан аса оқушы осы ойыннан өтіп сертификатын алып үлгерді. Бұл ойынның ерекшелігі оқушылардың деңгейіне арналған яғни, оларға түсінікті болатын, қызықты болатын сондай ерекшелігі бар. Егерде біз қарапайым лекция оқитын болсақ, оларда оқушы болғандықтан қабылдамауы мүмкін, ал егер осындай оларға ыңғайлы,қызықты тәсілді пайдалансақ олардың есінде көбірек сақталады өйткені ситуациялық сұрақтар бар.//