#qyzylordatv

Түрлі салада табысқа жеткен тәуелсіздіктің төл құрдастары баспасөз алаңында болып, журналистермен еркін пікір алмасты.

Солардың бірі - Ғафур Абдрахманұлы. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Белоруссияда оқып, тәлім алған. Ал Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің математика пәнінің мұғалімі Асылхан Әлиұлының шәкірттері түрлі деңгейдегі білім бәйгелерінде оза шауып жүр.

 Тәуелсіздікпен қатар дүниеге келген Бағжан Ақылбекқызы жеті жылдан бері облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы болып жұмыс істейді. Дәрігер әр кезекшілік күнінде 15-20 нәрестенің дүниеге келетінін айтады. Антына адал ақ халатты жан «Тәуелсіздік күнін елдің ең ұлық мерекесі» деп біледі.