#qyzylordatv

Аймақтың дамуына үлес қосқан сала мамандарына деген құрмет қашанда жоғары. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» Акционерлік қоғамы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірқатар қызметкерін құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.

 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы – облыстағы мұнай өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Шараға ұзақ жылдар бойы отандық мұнай өндірісінің дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлер қатысты. Бүгінде компанияда зейнеткерлер саны 298 адамды құрайды. Ал биыл компанияның 34 қызметкері құрметті еңбек демалысына шықты.

 ЖҰМАБЕК ҚОНЫСБАЕВ – «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ

Бүгін міне ерекше күн бізге. Арамыздағы осы мұнай саласын игерудегі негізгі қызметкерлеріміз 34 қызметкерлеріміз құрметті еңбек демалысына, зейнеткерлікке шыққалы отыр. Жастық шағын қызметте өткізіп, абыроймен шығу абыройлы жол, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге. Осы көп жылғы еңбектеріңіздің арқасында құрметті еңбек демалысна шығуларыңызбен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!

Сала мамандарының еңбек жолы, тәжірибесі – жас ұрпаққа үлгі. Өйткені олар қажырлы еңбегі мен өмірлік тәжірибесі арқылы мұнай-газ саласының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Жиында 80,70,60 жасқа толған мерейтой иелеріне құрмет көрсетіліп, компания басшылығы атынан сый-сияпат табысталды.

 Кеште барлық құрмет ардагерлерге арналды. Өнерпаздар әуелете ән шарқып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мұнай-газ саласы – ел экономикасының тірегі, ал оны дамытуға атсалысқан ардагерлер нағыз құрметке лайық еңбек адамдары.

 Салтанатты шарада мұнай-газ саласында 30-40 жыл еңбек еткен қызметкерлер Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Олардың қатарында бұл салада 40 жылдан астам еңбек еткен Тымаркүл Ақмағанбетқызы да бар. Сала ардагері сұхбат барысында өзі алғаш еңбек еткен жылдар туралы сөз қозғап, қызметкерлердің компания дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтті.

 ТЫМАРКҮЛ ӘБЕНОВА – САЛА АРДАГЕРІ

Біз бүгін ПетроКазахстан ұжымынан зейнетке шығып жатырмыз. Біз мынау кезінде Маңғыстау Мұнай газға қарады. Құмкөл нефть. Ең бірінші ашылған үшінші, бесінші табель иегерлеріміз.Ол кезде Маңғыстаудан Мұрат Газизович Саламатов деген кісі жас мамандарды жинады.Сол уақытта Өзенде еңбек етіп жүргенде осы жаққа переводпен ауыстық. Басында ол кезде бұрғылау басталып, бірнеше ғана скважиналар қазылған еді. Басында вагон, ешқандай еңбек адамдарына өте ол кезде условия болған жоқ. Қатынас жолы да кейін салынды.

Бірнеше медаль, Құрмет грамоталарымен, Облыс әкімінің де Құрмет грамоталарымен бәрін. Жылда енді елеусіз қалмаймыз. Көп рахмет компанияға. Кәсіподаққа. Оның ішінде компанияның басшылығына.Барлығына рахмет айтамыз. Қанша адамның еңбегі ғой. Соның арқасында біраз еңбегін көрді ғой енді.

 Жиында мерейлі 70 жасқа толған сала ардагері Бақытбек Демеуовке де құрмет көрсетіліп, сый сияпат табысталды.

 БАҚЫТБЕК ДЕМЕУОВ – АРДАГЕР

Негізі мен өрт саласында істедім. 45 жыл жұмыс істедім. Соның ішінде 21 жылы осы ПетрКазахстан компаниясында атқардым. Бір уақытта басшысы болдым.Күнделікті біздің профилактика жұмыс қой айналысатынымыз. Сол өрт болмауы үшін инструктаж өткіземіз. Обьектілерді аралаймыз.Бүгін енді ардагерлер ұйымының ұсынысымен үлкен марапатқа ие болып жатырмын. Үлкен рахмет мына компанияға.

 Компанияда 31 жыл қызмет еткен Әлішер Өскенбаев қаржы департаментін де басқарған. Ол өндіріс орнына алғысын білдірді.

 ӘЛІШЕР ӨСКЕНБАЕВ – САЛА АРДАГЕРІ

Бүгін мынау керемет қуанышты күн болып жатыр. Компания өте белгілі компания.Ұжымдық шартта бәрі қаралған.Көп рахмет компанияға. Кәсіподақ комитетіне. Бүкіл жағдайларын жасап жатыр жұмысшылардың.Біздің компаниядан шыққан жалпы пенсионерлердің жасы 300-ге жетіпті. Бұл өте көп деп ойлаймын. Жақсы. Копанияда 31 жыл жұмс істеп еңбегіміз сіңдеп ойлаймын. Компания әлі де қолдап жатыр бізді. Компанияға табыс тілейміз.

 Салтанатты шарада ардагерлер компания басшылығының алғыс хатымен, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитеті атынан «ПетроҚазақстанның еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Мұнан кейін шара концертке жалғасып, зейнеткерлер мерекелік дастарханнан дәм татып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды. «Еңбектің зейнетін көру» деген осы болса керек. Бірге қызмет еткен замандастар бейбіт күнде бір-бірімен қуана қауышып, ерекше көңіл-күймен тарқасты.