#qyzylordatv

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, «Open space» үлгісінде қайта ашылды. Сонымен қатар 20 жас ғалымға гранттық қаржы табысталды.

 №1 оқу ғимаратындағы бұл кітапхана ұзақ уақыттан бері жөндеусіз тұрған. Бүгінде кітапхана толықтай жаңғыртылып, жиһаздары жаңаланды, жаңа технологиямен жабдықталды. Ал конференц залы түрлі форматтағы кездесулер өткізуге қолайлы. Бір сөзбен айтқанда, «білім іздеймін, рухани тұрғыда бай боламын» деген жастарға таптырмас орын. «Open spaсе» үлгісіндегі кітапхананың ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар арнайы қатысты. Айта кету керек, бұл –қайта жаңғыртудан өткен екінші кітапхана. Алғашқысы Студенттер үйінде ашылған болатын.

 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кітапханаларында жалпы қоры 2 миллионға жуық кітап бар. Ал жаңадан ашылған №1 оқу ғимаратындағы бұл кітапханада 300 мыңға жуық кітап жинақталыпты. Байқағандарыңыздай дизайны өте ерекше, студенттердің білім алуына қолайлы. Бұл құнды туындылар гуманитарлық-педагогикалық бағытта білім алатын студенттерге арналған.

 Қазіргі уақытта оқу орнында 12 мыңға жуық білім алушы бар. Соңғы 6 жылда контингент 2 еседен астам көбейді. Бүгінде студенттердің ғылыммен айналысуына, шетелдік оқу орындарына барып, білім алуына бар жағдай жасалуда.

МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР

Жалпы Гуманитарлық-педагогикалық институтта мыңнан астам студент оқиды. Мына кітапхана қазіргі заманауи талаптарға сай жасалды. Осы жерде оқитын бүкіл кітап опен спейс форматында жасалған. Студенттеріміз де, оқытушыларымыз да демала ма, кітап оқи ма, ғылыми жұмыс жасай ма, өте бәрі ыңғайлы. 1.05 Университеттің алдағы мақсаты жалпы барлық корпустарда осындай қазіргі заманауи талаптарға сай кітапхана жасау, ғылым мен біліммен айналысуға жағдай жасау.

Айта кету керек, кітапханаға білім алушылар таңертеңгі 9-дан кешкі 18.30-ға дейін келе алады.