#qyzylordatv

«Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент» республикалық маңызы бар автожолдың Арал ауданы аумағында жүк көлігі жолдан шығып кетті. Полиция қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына барып, жүргізушіге көмек көрсетті.

 Автокөлік жүргізушісі Ресейге бағыт алған. Ауа райының қолайсыздығынан көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Рота қызметкерлері арнайы техника шақырып, машина тасымалдайтын жүк көлігін трассаға шығаруға көмектесті. Абырой болғанда адам аман, жүргізуші сапарын жалғастырды. Полиция қызметкерлері қыс мезгілінде алыс жолға шықпауды және көліктің техникалық жағдайын тексеру керектігін ескертеді.