#qyzylordatv

Биыл Қармақшы ауданында 23 шақырым жол жөнделіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Дүр Оңғар ауылына газ тартылып, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Ал, Жаңа жыл қарсаңында Байқоныр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Аудан әкімі Жандос Еркінбек халықпен кездесуінде жыл бедерінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. Тұрғындардың өтініш, тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Алдымен Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Досмұратов аудан орталығында атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Кентте инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласына дамыту, салық түсімдерін ұлғайту, құрылыс, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес жол құрылысына ерекше екпін беріліп отыр.

 АЛМАСХАН ДОСМҰРАТОВ, ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ \«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Шыңғысов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, облыстық бюджет есебінен Нақыпов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.... \

 Жалпы, 11 айдың қорытындысымен аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығында оң көрсеткіштер қалыптасып отыр. Аудан бюджеті 22 млрд.теңгеге ұлғайып, қаржы бірінші кезекте халыққа қажет деген жұмыстарға бағытталуда. Мәселен, құны 7 млрд. 172 млн. теңгеге Дүр Оңғар ауылы газдандырылса, Иіркөл, Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Тозығы жеткен электр желілерін жаңарту мақсатында екі жоба жүзеге асты. Нақтырақ айтсақ, Дүр Оңғар және Иіркөл ауылдарының электр желілері толығымен жаңғыртылды. Бұл жұмыстар келесі жылы Қуаңдария, Ақжар, ІІІ-Интернационал, Алдашбай Ахун және Қармақшы ауылдарында жалғасады. Ал, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 1 млрд. 570 млн теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым жол жөнделді.

 ЖАНДОС ЕРКІНБЕК, АУДАН ӘКІМІ \ең ірі жобалардың бірі Ақжар ауылындағы А.Құнанбаев көшесі. 100 млн қаражат қазір құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.... \

 Биыл сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 50 пәтер табысталса, жыл соңына дейін Байқоныр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жосалы кентіндегі ескірген екі қабатты үйлерге де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 Атқарылған жұмыстардың есебін тыңдаған тұрғындар аудан әкіміне сауалдарын қойды.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек жыл бойы жасалған жұмыстармен қатар межелі міндеттерге де тоқталды. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартып, әл ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларға ел риза.